$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздің мектептерінде мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған шаралар жүріп жатыр

Елтаңба, ту, әнұран. Бұлар еліміздің егемендігі мен біртұтастығын айқындайтын ұлттық  нышандарымыз.

Тәуелсіздік мерекесіне орай еліміздің барлық мектептерінде мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған шаралар жалғасып жатыр. Мәселен Маңғыстау өңіріндегі білім ордаларында бір ай бойы осы тақырыпта тереңдетілген дәрістер жүрді. Ашық сабаққа 3 мыңнан астам оқушы қатысқан. Олар осы уақыт аралығында ел тарихы жайлы шығармалар жазып, білімін ортаға салды.

Жұлдыз Ғұсман, қалалық экономикалық лицей оқушысы:

- Мен өз мемлекетімде Қазақстан тәуелсіздігін жарияланған кезінен мақтаныш сезімдемін. Қандай жерлерге барсақ та, басқа адамдарға өзіміздің еліміз туралы мақтанышпен айта аламыз. Біздің еліміздің тарихымен бірге болашағымыз туралы білу өте маңызды деп ойлаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары