$ 447.4  477.55  4.76

Ақтауда «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты көрме өтті

Маңғыстау облысында тұратын этномәдени бірлестік өкілдері еліміздің тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерін көрсетті деп жазалы мемлекеттік БАҚ өкілдері.

Этносаралық байланыс бейбітшілік пен келісім көріністері майлы бояу гуашпен салынған суреттер және фотожұмыстар да жарасымды үйлесім тапқан. Ал концерттік бағдарламада өнерпаздар сан түрлі ұлттың әндерін шырқап, биден шашу шашты. Бүгінде мұнайлы өңірде 50-ден астам өзге ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Облыста Достық үйлері мен жексенбілік мектептер жұмыс істейді.

Айрапет Курдоглян, облыстық армян этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Ассамблея біздің үмітімізді ақтады және де ақтап жүр. Еліміз бір, тағдырымыз бір деген болатын біздің Елбасы. Іс жүзінде солай екеніне көзіміз жетіп жүр.

Юрий Кержбаум, облыстық еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Қазақстанды мекендеген ұлттарды біріктірген Президенттің стратегиялық ұстанымы армян тілінде, орыс тілінде әндерімізді орындау мүмкіндігін беріп отыр. Әрбір ұлттың өз мәдениеті бар, соның арқасында бізде ұлттық салт-дәстүрді, мәдениетімізді танып-білу мүмкіндігі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары