$ 444.22  476.38  4.82

Маңғыстау облысында «Жанартау» жастар бірлестігі Түркиядағы қандастарымен кездесті

Маңғыстау облысының «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестігінің белсенділері «Шетелде тұратын қазақ диаспорасымен әлеуметтік және мәдени байланыстарды дамыту» жобасы аясында Түркиядағы қандастармен кездесті.

Басты мақсат – атамекеннен алыста жүрген қаракөз бауырлардың тыныс-тіршілігімен етене танысып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі жатқан қазақ елінің жетістіктерін паш ету. Сондай-ақ бірлестік мүшелері дарынды жастарды анықтап, олардың шығармашылығын дамытуға ықпал етуді көздейді. Осыған дейін Ресей мен Әзірбайжан қазақтарымен кездескен маңғыстаулық ұжым түрік елінен соң Иран және Өзбекстандағы қандастардың қал-жағдайын біліп қайтуды жоспарлап отыр.

Анар Шамшадинова, «Жанартау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Қазақ-түрік қорымен әріптестік меморандумына қол қойылды. Осы меморандумның аясында бұл қордың бізге айтқан талап-тілегін тыңдадым. Түркияда балаларды оқытатын қазақ тіліндегі латын кітаптары жоқ. Сондықтан латын тіліндегі қазақ оқулықтары керек екендігін түсіндім. Сондай-ақ қазақтың дәстүрін, өлеңін, әнін сақтап, насихаттап жүрген жастарды жоба аясында фестиваль, конференциялар ұйымдастыратын болсақ, Түркиядағы бауырларымызды шақыратын болдық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары