$ 445.66  474.58  4.78

«Кітапханалық керуен – 25 ауылға» автокеруені Сарыағаш ауданына келді

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» автокеруені Сарыағаш ауданының Абай, Қызыләскер, Жаңатұрмыс ауылдарына ат басын бұрды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова бастаған керуен Абай ауыл округінде болды. Аталмыш ауылдардағы кітапхана оқырмандарымен жүздескен кітапханалық керуен тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Кітап - адамзат баласын үнсіз тәрбиелейтін тәрбие құралы» деп атап өткен ұйымдастырушылар, бағалы қазынамызға құрметпен қарап, осындай игі істер жалғасын таба беретіндігін жеткізді. Облыс орталығынан бастау алып, аудан тұрғындарына мың жылдық рухани азық бере білген керуен кітапхана оқырмандарының басқосуымен жалғасты.

Шығармашылық кеш барысында «Мәңгілік елдің – Мәңгілік мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ауыл кітапханаларына 25 кітап сыйға тартылды. Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымыздың қуаныштарында шек жоқ. Бүгінгі кештен ерекше әсер алғандарын да жасырмады. Ел ағалары «Өнерім саған, ауылым!» деген ұранмен жеткен автокеруенге сәт-сапар тілеп, жолға шығарып салды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс көлемінде аталып Тәуелсіздік мерейтойына арналып өткізіліп жатқан қайырымдылық іс-шараларының ауқымы кең. Мәселен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан және демеушілер тарапынан өңірдегі Батыр аналар мен көп балалалы аз қамтылған аналар, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, жалғыз ілікті қарттар, тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, мүгедек азаматтар және аз қамтылған отбасылар сынды 68 мыңға жуық азаматқа жалпы сомасы 31 млн теңгедей ақша жұмсалған. Оның 70 пайызы қайырымды жандардың есебінен көрсетілген көмек болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары