$ 446.49  475.38  4.79

Елімізде алғаш рет өткен «Street workout» ойындарында шымкенттік команда топ жарды

3 желтоқсан күні «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» атты жобасының аясында облыс прокуратурасының бастамасымен және қолдауымен ҚР Тұңғыш президенті және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстанда бірінші рет «Street workout» республикалық ойындары өткізілді.

Ойын барысында еліміздің аймақтарындағы көше жаттығуларын жасайтын үздіктер бір алаңда бас қосты. Алаңда өзара Шымкент, Алматы, Талдықорған, Тараз, Орал және Көкшетаудан келген құрамалар сайысқа түсті.

Ойындар облыстағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен воркаут қозғалысының ұйымдастырылуымен өткізілді.

Сайысқа қатысушылар әр түрлі күш жаттығуларын жасаудан жарысып, өздерінің құрамасының беріктігін және физикалық күш-қуаттарын көрсете білді.

Сайыстың қонағы әрі төрешісі ретінде осы спорттың қалаушысы, «Школа - Турника» үйретуші бейнеролигін жасаған – Михаил Баратов шақырылған.

Жалпы құрамалық есеппен сайыстың жеңісіне Шымкент қаласының «13 легион» құрамасы жетті.

Жарыс барысында шебер және жас спортшылардың көрсеткіш өнерлері тамашаланып, бұл спорт түрімен шұғылдануға ниет білдіргендерге күш – қуатын көрсетуге мүмкіндік берілді.

Аталған іс-шара бұл спорт түрін жан-жақты көрсету және жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған болатын. Жарысқа көрермен және жанкүйерлер ретінде қаланың мектеп, колледж оқушылары, интернат тәрбиеленушілері, «Жасұлан» әскери мектебінің кадеттері шақырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары