$ 447.4  477.55  4.76

«Алтын күз» мерекесінде еңбек озаттары марапатталды

Биылғы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған «Алтын күз» мерекесі Сайрам ауданы үшін молшылықта тойланып жатыр. Дәстүрлі «Алтын күз» мерекесіне жиналған күллі қауымның алдында ауыл еңбеккерлерін береке мейрамымен құттықтаған аудан әкімі С.Сапарбаев диқандар мен бағбандарды, малшыларды биылғы қол жеткізген еңбек жеңісімен шын жүректен құттықтады.

Аудан басшысы С.Сапарбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрайымы М.Қалыбаева ел дәулетін еселеп, аудан экономикасын нығайтуға үлкен үлес қосқан түрлі сала озаттарын бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Дәл осы күні аудан тұрғындары мен қонақтар қонақжай сайрамдық диқандардың ауылшаруашылық жәрмеңкесінен өздеріне қажетті өнімдерді қуана сатып алды, жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Сайрамдықтар сондай-ақ, еліміздің азық-түлік қорын байытуға да салмақты үлес қосып келеді. Мәселен, биылғы 10 айда ауданда 16417 тонна ет, 97284,8 тонна сүт өндіріліп, 13 миллион 128 мың дана жұмыртқа алынды. Бұл көрсеткіштердің барлығы өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда анағұрлым артық. Аудан еңбеккерлері мемлекеттің «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары бойынша да өздеріне жүктелген тапсырмаларды еселеп орындады. Соның айғағындай, аудандағы мал бордақылау алаңдарында бір мезетте 28 мың ірі қара семіртіліп жатыр. Аудан бойынша 10-15 ірі қараны бордақылау және жанұялық сүт аулаларын құру тапсырмалары да жемісті жүзеге асқанын айта кеткен орынды.

Әрине, адам ағзасына өте қажет дәрумен болып табылатын көкөніс өсіру де ауданда мықтап қолға алынған. Қазір сайрамдықтар 79 жылыжайда жылдың төрт мезгілінде көкөніс өсіріп, дастархан байлығын молайтуға үлес қосып жүр. 513 гектар жерге тамшылатып суару әдісі ойдағыдай жүзеге асырылды. Аудан аумағындағы жалпы қуаттылығы 11400 тонна болатын 11 көкөніс пен жемісті қайта өңдейтін цех, тәулігіне 35600 тонна сүт өңдейтін 6 кәсіпорын, сондай-ақ, 440 тонна ет өңдейтін 4 кәсіпорын толық қуатында жұмыс атқарып тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары