$ 444.22  476.38  4.82

«Ел Тәуелсіздігі құтты болсын!» атты мерекелік концерті өтті

ОҚО, Мақтарал ауданы, Қарой ауылындағы Рудаки мектебінде «Ел Тәуелсіздігі құтты болсын!» атты концерттік кеш болып өтті деп хабарлайды Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Мектеп ұжымының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Мақтарал ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы және аудан әкімінің кеңесшісі Ақан Әжібеков, аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков, аудандық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Абай Есенбеков сияқты сыйлы қонақтар қатысты.

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктеріне байланысты сөз сөйлеген Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков 18 миллионға жетер-жетпес халқы бар Тәуелсіз Қазақстанмен 150-200 миллион халқы бар ірі елдер санасатынын зор мақтанышпен айтты. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның келуінде президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі орасан екенін ұмытпауымызды ескертті.

Жалпы, концерттік кеште патриоттық әндер айтылып, қазақ-тәжік теңдей тұратын ауыл жастары ұлттық билерімен, өнерлерімен қалың көрерменнің ықыласына бөленді.

Халық жасаған таңдаудың сарқылмас тарихи күшін біз жыл өткен сайын терең сезініп келеміз. Ол – еркін, егемен елде татулықта, бір-біріне деген сенім және келісімде өмір сүру таңдауы, өз тағдырын қашанда өзі айқындап, болашағын жасау. Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары