$ 446.49  475.38  4.79

Мырзакент кентінде әскери шеру өтті

Бүгін Мақтарал ауданы, Мырзакент кентінде орналасқан 2037 әскери бөлімшесі «23-қараша – Мемлекеттік шекара күні» мерекесіне орай және ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап әскери шеру ұйымдастырды. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Еліміз Тәуелсіздік алғалы Мемлекеттік шекара инфрақұрылымдарын жетілдіріп, шекарашы әскерилеріміз техникалық құралдармен жабдықталып, контрабандалық сауда тасымалы, есірткі трафигі мен заңсыз келді-кеттілерді реттеп отыр. Сондықтан, 350 мыңнан аса тұрғыны бар Мақтарал ауданы облыс орталығынан шалғайда орналасып, аумағының басым бөлігі шекарада орналасқандықтан, «Мемлекеттік шекара күні» мерекесі ерекше аталып өтті.

«Құрметті шекарашылар! ҚР Мемлекеттік шекара күнімен шын жүрекпен құттықтаймын. Халықтың тыныштығы үшін түн ұйқыларыңыз төрт бөлініп, ыстық-суықта ел іргесін күзетіп жүрген мына сіздер – еліміздің қырандарысыздар! Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңізде әрқашан табыстан табысқа жете беріңіздер!» - деп Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков тілек айтты.

Сондай-ақ, ерлік көрсетіп, белсенді еңбек етіп жүрген бірнеше сарбаздар және «Жас шекарашылар» клубының бірнеше оқушылары Мақтарал ауданы әкімінің, 2037 әскери бөлімшесі басшысының, Ардагерлер одағы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары