$ 442.05  474.14  4.74

Сайрамда тәуелсіздік жетістіктері туралы көрме өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздік жетістіктері танымдық көрме кешені» іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көрме аудан әкім Самат Айдарханұлының қатысумен салтанатты түрде ашылды. Іс-шара барысында тәуелсіздік жылдарында ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында әрбір сала бойынша атқарылған жұмыстардың оң жетістіктері жайлы стендтер қойылып, таныстырылды.

Тәуелсіздіктің мерейлі белесінде ауданда ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 13,2 есеге өсіп, ол 42,5 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар, биылғы жылғы 10 айда 40 миллиард 426 миллион теңгенің жалпы өнімі өндірілді. Ауыл еңбеккерлері осы мерзімде 291 000 тонна мал азығын жасақтап, 18800 тонна жеміс-жидек, 7600 тонна жүзім, 105000 тонна көкөніс, 54800 тонна картоп дайындады. Бидайдың гектар байлығы орташа есеппен 23,7 центнерден айналып, 37967 тонна астық қамбаға құйылды. Осының барлығы сайып келгенде, диқандардың ертелі-кеш табанды еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Сайрам ауданы — Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі аудандардың бірі. Жер көлемі 1760,4 шаршы километрді алып жатыр. 56 ұлттың өкілінен құрылған 250,0 мың адамнан астам мекендейді. Әкімшіліктің аймақтық құрылымында 17 ауылдық округ, 78 елді мекен және аудандық жергіліктік бюджеттен қаржыландырылатын 13 бөлімдер бар. Аудан орталығы – Ақсукент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары