$ 447.4  477.55  4.76

Сайрамдықтар биыл да зор жетістікке жетті

Биылғы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған «Алтын күз» мерекесі сайрамдықтардың ілгеріден келе жатқан еңбек дәстүріне адал екендіктерін тағы да бір рет айқындады. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ерте көктемнен қамданған ауданның ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері енді міне, сол табанды, жанқиярлық қимылдың жемісін көріп отыр. Жалпы, Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде ауданда көкөніс, картоп, жеміс-жидек өсіру 4 есеге артты, ірі қараның саны 90 мыңға, жылқы 29 мыңға, қой-ешкі 14 мыңға жетті. Соның арқасында ет өндіру 8 мың тоннаға, сүт өндіру 79 мың тоннаға артқанын баса айта кеткен жөн. Диқандар қауымы саланың жұмысын одан әрі ширатып, көздеген межеге қол жеткізді.

Тәуелсіздіктің мерейлі белесінде ауданда ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 13,2 есеге өсіп, ол 42,5 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар, биылғы жылғы 10 айда 40 миллиард 426 миллион теңгенің жалпы өнімі өндірілді. Ауыл еңбеккерлері осы мерзімде 291 000 тонна мал азығын жасақтап, 18800 тонна жеміс-жидек, 7600 тонна жүзім, 105000 тонна көкөніс, 54800 тонна картоп дайындады. Бидайдың гектар байлығы орташа есеппен 23,7 центнерден айналып, 37967 тонна астық қамбаға құйылды. Осының барлығы сайып келгенде, диқандардың ертелі-кеш табанды еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары