$ 443.85  474.3  4.8

«25 жұлдызды күн» акциясы Қайнарбұлақта жалғасын тапты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округінде 1000 тал ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен бірге аудан әкімі мен аудандық мәслихат депутаттары «25 жұлдызды күннің» аясында 25 ағаш көшетін екті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 21 қарашадан 15 желтоқсанға дейін 25 жұлдызды күн акциясы ұйымдастырылуда. Аптаның басында аталмыш акцияның алғашқы күнінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбы қозғалып, осы тақырып төңірегінде түрлі іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, аудандағы мектептер мен колледждерде, жалпы білім ордаларында «Елдің асыл тірегі – Ата Заң», «Елбасы Конституция кепілі» тақырыптарында оқушыларға арналған лекциялар мен ашық сабақтар жүргізілді. Ал аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар тарапынан «Конституция мемлекет тірегі» атты флешмоб көрсетілді.

Соңында аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары шағын сазды бағдарлама ұсынып, қуаныштарын арттыра түсті. Балаларының үлкен өмірге қадам басып келе жатқандарын сезінген ата-аналары үлкен адамдарша қол алысып, құттықтап жатты. Ал жастардың жүзінен «Мен де есейіп келемін» деген сөздер оқылып тұрды. Осылайша тәуелсіз елдің тұғырын бекем ететін жастардың саны тағы да артты.

25 жұлдызды күн акциясының келесі күні «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбына арналады. Жоғарыда атап өткендей, бүгін акцияның тек алғашқы күні өтті. Алда акция аясында өткізілетін 24 шара бар. Сондықтан барша аудан тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақырамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары