$ 443.85  474.3  4.8

«25 жұлдызды күн» жобасы аясында оқушылар шекарашылар күнін атап өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн жобасының бір күні «Мемлекеттік шекара» күніне арналады. Осыған орай Сайрам аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шегенделген шекара» атты семинар өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға №20 С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің кітапханашысы мен оқушылар қатысты. Оқушыларға еліміздің шекарасы алып жатқан аумағы мен көршілес мемлекеттердің арасындағы шекаралық байланыс туралы айтылып, біздің қазақ елі достық пен тату көршілік қатынастағы шекара екендігі туралы айтылып, тақырыпқа сай кітаптар насихатталды.

Бұл іс –шара күні кеше өткен шекарашылар күні мен ел тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналды. Сондықтан да онда оқушылар түрлі патриоттық бағыттағы әндерін шырқап, аудан өнерпаздары би биледі. Мектеп ұжымына арнайы экран арқылы Қазақстан шекарасы мен Сайрам ауданының жері туралы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Мемлекеттік шекараның беріктігі – ел тыныштығының кепілі. Сайрам ауданы шекаралық аймақ болғандықтан мұнда әскери бөлім де жұмыс істейді. Ондағы мақсат мемлекеттік шекараның мызғымас беріктігін қамтамасыз ету. Сайрам аудандық орталық кітапхана қызметінің мамандары осылай дейді. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарға патриоттық тәрбие беріп, отансүйгіштікке баулу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары