$ 445.66  474.58  4.78

Манкентте «Бұраң бел» атты шеберлік сыныбы өтті

Аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылында би ұжымдарына арналған «Бұраң бел» атты шеберлік сыныбы өтті. Шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын соңды би байқауларының бас жүлде иегерлері атанған жеңімпаздар іс-шараға қонақ ретінде шақырылды. Манкент ауылдық округі әкімі Б.Егембердиевтің қолдауымен Манкент ауылына қарасты барлық мектептердің би ұжымдары қатысты. Ерекше заманауи билерімен № 6 мектеп-интернатының өнерпаздары алға шықты. Сонымен қатар Манкент, 1 май атындағы мектептер және С.Рашидов атындағы мектептің би ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.Оспанов ауыл әкімі Б.Егембердиевке аудан басшыларының атынан алғысын білдірді. Ауыл әкімінің мәдениет саласына арнайы көңіл бөліп, қолдан келген көмегін көрсетіп жатқаны, атқарылған жұмыстарынан көрініп тұрды. Атап айтқанда, ауылдық клубтың материалдық техникалық базасында көптеген жаңалықтар бар.

Бұл мерекенің басты мақсаты – салтанатты шара өткізу арқылы мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейін асқақтату, рухани-мәдени, жасампаздық мүмкіндіктерін әрі қарай нығайту жолындағы толағай еңбектеріне құрмет көрсету.

Сонымен бірге Қазақстанның тәуелсіздік жылдарына қатысты көне, көпшілікке көрінбеген экспонаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары