$ 448.15  483.46  4.86

Сайрамда «Еңбегің елге мәңгілік» атты әдеби кеш өтті

ОҚО Сайрам ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен белгілі жазушы, ақын, дәрігер, Ерсін Қойбағарұлын еске алу кешіне орай «Еңбегің елге мәңгілік» атты кеш өткізілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ауданымыздың тумасы Ерсін Қойбағарұлы «Алаш», «Александр Фадеев әдеби сыйлықтарының», «Алтын медаль» иегері. Сансыз баптар мекенінде туған ол Сайрам ауданының құрметті азаматы еді. Ақсукент – 2 ауыл кітапханасы «Ерсіннің есімі – ел есінде» тақырыбында арнайы жасақталған кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде жазушының жарыққа шыққан кітаптары, әр жылдардан естелік ретінде қалған фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды.

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандары №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп оқушылары Ерсін ағамыздың жазған өлеңдерін мәнерлеп оқып еске алды. Қаламгер туралы қаламдастары, отбасы, оқырманы, замандастары егіле естелік айтты. Кешке аудан тұрғындары, зиялы қауым, қариялар мен студент жастар қатысты.

«Ақынның артына қалдырған мұрасы ұшан-теңіз. Ал, ақын мұрасын өлтірмеу – студент-жастар, яғни біздердің, жас ұрпақтың қолында. Осындай игі шараларды жиі өткізу арқылы ұлттық мәдени мұрамызды, рухани қазынаны ұрпақтан ұрпаққа аманат ретінде жеткізу біздің парызымыз» дейді ұйымдастырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары