$ 449.58  486.94  4.86

Сайрамда мемлекеттік тіл құрметіне орай форум өтті

Бүгін «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясының төртінші күні. Осы орайда, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы мен Шымкент қаласы әкімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» форумы өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шараға мемлекеттік органдар мен мекемелердің, ірі, орта, шағын кәсіпорындардың қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары зиялы қауым мен белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Форумда, БАҚ арқылы өз жұмысын мемлкеттік тілде кеңінен насихаттаған мамандар, мемлекеттік тілді игеріп, түрлі байқауларда жеңімпаз атанып жүрген өзге ұлт жастары марапатқа ие болды.

Форумның негізгі мақсаты-мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын насихаттау, тіл татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін ұғындыру.

Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Қазақстанды мекендейтін әртүрлі ұлт өкілдерінің тіліне құрмет көрсету, олардың ана тілінде білім алып, төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық саясаты. Бүгінгі күнге дейін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ауданда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары