$ 443.35  475.54  4.82

Сайрамда «Сапалы білім-заман талабы» атты кеш өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн жобасы мемлекеттік тіл мәртбесіне арналады. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәдениет үйінде М.Сапарбаев гуманитарлық институты және Парасат колледжінің ұйымдастыруымен «Сапалы білім-заман талабы» атты іс-шара өткізілді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шара барысында аудандық орталық кітапхана «Тіл – достық кепілі» атты жасақталған кітап көрмесін дайындап насихат жұмыстарын жүргізді.

– Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге, осы күні қаны жерге таңбай тұрған аса ділгір мәселе – тіліміздің мәртебесін ту етіп көтеруге қосылған үлкен үлес. Тілді үйрену — өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тілді оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түиініне тоқталатын болсақ, Ата-бабамыздың қан мен терімен жеткен Тәуелсіздігіміздің айғағы бұл біздің ана тіліміз, - дейді көрмеде сөз алған аудан әкімі М.Сапарбаев.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн жобасы өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары