$ 439.43  473.31  4.82

Сайрамдағы ауыл округтерінде түсіндіру семинарлары өтті

Сайрам ауданында «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы тұрғындар арасында белсенді түсіндіріліп келеді. Іс-шаралар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық меретойына арналып отыр. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіп түскен баспасөз баянында 2016 жылы тиісті бөлімдер және «Нұр Отан» партиясы өкілдерінен құрылған жұмысшы тобы барлық ауыл округтерінде семинарлар өткізгендігі туралы айтылған.

Сонымен бірге жұмыспен қамту орталығы арқылы республикалық, облыстық, жергілікті ақпарат құралдарында мақалалар жарияланса, «Хабар» телеарнасында 1 рет бейне-сюжет көрсетілді. Елбасының тапсырмасына сәйкес, тұрғындар арасында жаңа ашылған жұмыс орындары мен жұмыспен қамтылғандар туралы облыстық басқарма есебінен 4 баннер ілінсе, жергілікті бюджет есебінен де 4 баннерлер орнатылды.

Шараның мақсаты – «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасына халықтың нысаналы топтағы азаматтарын, жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы азаматтарды қатыстыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар, Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамту орталығының мамандарымен, адам көп шоғырланған жерлерде, атап айтқанда қаланың базарлары мен сауда алаңдарында жұмыссыздармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда:

1 бағыт – инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

2 бағыт – кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту.

3 бағыты – жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа ораналасуға жәрдемдесу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары