$ 448.15  483.46  4.86

Жастарға мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қарасу ауылдық округінде орналасқан № 83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің бітіруші сынып жастары арасында кездесу өткізілді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Мақсат – жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулу, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастарды кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерден хабардар ету арқылы дұрыс мамандық таңдауларына бағыт-бағдар көрсету. Қазір ғаламтор арқылы игі шараға үн қосып жатқандар көп» дейді ұйымдастырушылар.

Кездесуге аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, «ONTUSTIK кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» маманы М.Сауранбек, Қарасу ауылдық округінің жастар бойынша маманы Г.Байдалиева, А.Байтұрсынов мектебінің мұғалімдері және жастары қатысты.

-Үгіт насихат тобының негізгі мақсаты – әрбір елді мекендерге барып, Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы жеткен жетістіктерін, табыстарын насихаттау, оны көрсету, сосын халыққа сол жерде қызмет көрсету. Тәуелсіз елімізде білім алып, болашағына қызмет жасап жатқаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі шара мен үшін патриоттық мәні бар деп білемін. Елімізді сүюге, Отанымызды құрметтеу керек, – дейді «ONTUSTIK кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» маманы М.Сауранбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары