$ 444.22  476.38  4.82

«Тәуелсіздік тұғыры биікте!» атты байқау өтті

ОҚО, Мақтарал аграрлық колледжінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғыры биікте!» атты байқау өткізілді. Мақсат – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, патриоттық тәрбие беру, танымдық қызығушылықтары мен әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, сәндік қолданбалы өнер бағытындағы дарынды жастарды анықтау. Бұл туралы Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұғалімдерден құралған 4, қызметкерлерден құралған 1, студенттерден құралған 8 команда байқауға қатысып, әр команданың атауы мен ұрандары, эмблемалары таныстырылды. Байқаудың басты шарты – Туелсіздіктің 25 жылдығына арналған шығармашылық жұмыстар жасап, көпшілік назарына ұсыну.

Креативті ойға бай студенттер мен оқытушылар өз мамандықтарына сәйкес жібек жіптен, мақта шиті мен мақтадан, жүннен киіз басу арқылы, изонить, декоративті шегелер, кілем тоқу, салат жасау, кекс пісіру, темірден, тіпті баклажка қақпақтарынан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап туындылар жасады. Мәселен, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының оқушылары «25» деген жазуды электр шамдарымен жарқыратты.

Айта кетейік, байқауға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің өкілдері, журналистер мен колледж басшылары төрағалық етті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастылырып жатқан байқаудың қорытындысы 25.11.16 күні жарияланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары