$ 442.05  474.14  4.74

Сайрамда «Ядролық қарусыз әлемге» атты фотокөрме өтті

Қазақстан Семей сынақ алаңы жабылған сәттен бастап адамзат тарихындағы ең зұлмат сойыл – ядролық қарумен күрестің көшбасшысы атанды. Семей сынақ алаңы жабылған 29 тамыз бұрнағы жыл БҰҰ-ның қарарымен «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» ретінде жарияланды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанды әлемге үлгі еткен басты жетістік. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ОҚО, Сайрам ауданы, Қыземшек кентінде әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты фотокөрме өтті.

Фотокөрмені Қыземшек кентінің әкімі Шекербек Ошақапов ашып, кент тұрғындарына Қазақстан әлемдегі төртінші ракета-ядролық әлеуеттен ерікті түрде бас тартқан ел екені, ядролық қару зардаптары таныстырылып, ядролық қаруы бар елдер Қазақстаннан үлгі алып, әлемді ядролық қарусыздандыруға атсалысуы тиіс екендігі айтылды.

«Ядролық қарусыз мемлекет құру жөніндегі тарихи шешімін қабылдай отырып, Қазақстан басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев, біріншіден, өз елі үшін ядролық державалар­дан қауіпсіздік кепілдігін ала алды, екіншіден, оқтұмсықтардың түгелімен жойылуына кепілдік ретінде сол ядролық мемлекеттердің бірқатарын тарта отырып, өзінің бейбіт ниетін күллі әлемге дәлелдей алды» дейді Қыземшек кентінің әкімі Шекербек Ошақапов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары