$ 448.89  477.93  4.76

«Кітапхана – өнер, білім ордасы» атты семинар-тренинг өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО, Созақ ауданы, Қыземшек кентінде орналасқан Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінің кітапханасында «Кітапхана – өнер, білім ордасы» атты семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабаплап отыр.

Семинарды аудандық Жастар ресурстық орталығының Қыземшек кентінің жастар ісі жөніндегі әдіскері Ж.Әбдіқадыр және кент кітапханашысы Б.Бекмұратованың ұйымдастырып отыр.

Аталған іс-шараға кент кітапханашысы Б.Бекмұратова, Жастар ісі жөніндегі әдіскер Ж.Әбдіқадыр, Ләнде Бөкенов жалпы орта мектебі директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Қалиева, кітапханашы Г.Оспанова, мұғалім М.Арғынбаева және Қыземшек кенті мәдениет үйінің директоры Н.Кабулова, кенттің еңбек сіңірген қайраткері, ақын жазушы М.Тоғызбай және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Семинарды қорытындылау рәсімінде жастар Қазақстанның дербес ел ретінде қалыптасу тарихына шолу, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен жаһандық бастамалары туралы «Қазақстан арманы: Тәуелсіздік хроникасы» атты фильмді тамашалады, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап семинарға қатысушы жастар түсірген бейнеролик көрсетілді. Оқыту курсынан өткен оқушылар арнайы сертификаттармен және естелік кітаптармен марапатталды.

Л.Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Б.Бекмұратова:

– Семинардың мақсаты – жасөспірімдер бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, олардың азаматтық белсенділігін арттыру, жігерлі жастардың ішкі және шығармашылық әлеуетін ашу. Алдағы уақытта біздің ұйым Елбасы кітапханасымен бірлесе отырып осындай семинарларды өңірлерде өткізуді жоспарлап отыр, – деді.

Жастар ісі жөніндегі әдіскер Ж.Әбдіқадыр кент әкімінің атынан кітапханашы Б.Бекмұратоваға «Алғыс хат» табыстады. Мектеп оқушылары кітап жайлы көріністерін көрсетіп, кітаптың адам өміріне пайдасы жайлы видео сюжеттер көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары