$ 443.85  474.3  4.8

Тәуелсіздік мерекесі аясында мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға көмек берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «25 игі іс» акциясы аясында ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға көмек көрсетілді. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық емхананың ұйымдастыруымен Мүгедектер күніне орай «Қолғабыс» тобымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету мақсатында «Жылуы мол жүректер» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің ерікті жастары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Шолаққорған ауылындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, атап айтсақ Өтембаев Есіркеп ағамыз бен Смахова Бақыт апайларымыздың үйіне бір күндік көмек көрсетілді.

«Басты мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдан келгенше жәрдем беріп, құрметтеу болып саналады. Жастар барынша қолдарынан келгенінше көмектерін көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді» дейді «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры.

Сонымен қатар, Мәдениет басқармасы ұрпақтар сабақтастығы бойынша тәрбиелік мәні бар, дәстүрлі мәдениет пен әдет-ғұрыпты болашақ ұрпаққа жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілмей отырғандығын айтқан орталық басшысы қазіргі жастарға төл мәдениетімізді, дәстүрімізді жеткізу – тарихи жауапкершілік екенін атап өтті. Іс-шара соңында аталған азаматтар алғыстарын айтып, баталарын берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары