$ 448.15  483.46  4.86

Сайрамда «Ұлы Дала елі – ұрпаққа мұра» атты мерекелік бағдарлама өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ОҚО, Сайрам аудандық орталық кітапханада 25 жұлдызды күн аясында «Ұлы Дала елі - ұрпаққа мұра» атты мерекелік бағдарлама өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мерекелік бағдарламада 25 жылдық тәуелсіздік тарихында өзіндік орындары, сүбелі үлестері бар ардагерлер «Бұл менің елім!» атты құттықтаулар мен пікірлерін айтып, жас ақындар өлеңдер оқып, әжелер жырдан шашу шашты. Іс-шара барысында «Уа, Еркіндік, қош келдің...» бейнебаяны көрсетіліп, «Тәуелсіздік мерейі – ел мерейі» атты шолу жасалды.

Қатысушы оқырмандар арнайы «2016-2021 жылдар» деп жазылған әсем қобдишаға тілек-армандарын қағазға жазып қалдырды. Мерекелік бағдарламаға зиялы қауым өкілдері, Шолаққорған ауылының әжелер тобы, ұстаздар, БАҚ өкілдері, мекеме қызметкерлері , зейнеткер кітапханашылар және оқушылар қатысты. Іс-шара соңында Созақ аудандық «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестінің төрайымы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесінің басшысы Гүлнар Өмірбекті Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында Алғыс хатпен марапаттады.

Кездесу кеші барысында аудан әкімі еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерейтойымен құттықтап, өнер жолында еңбегі сіңген өнер майталмандарын арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары