$ 447.4  477.55  4.76

Шолаққорғанда «25 игі іс» акциясы өз жалғасын тапты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында «Мыңжылқы» мәдениет сарайында «Біз Тәуелсіз ел ұландарымыз» атты аудандық жайдарман сайысы өтті. Шараны «25 жарқын мәдени іс» және «25 игі іс» аясында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Сайыстың мақсаты жастарымыздың бойындағы мәдениеттілікті, рухани-адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерді дамыту, жас талантттарға қолдау көрсету, ұтымды әрі шешендік сөз өнерін меңгеруге жол ашу, сахна мәдениетін қалыптастыру» дейді ұйымдастырушылар. Сайыстың ережесі бойынша әр команда «Сәлемдесу» шарты бойынша сайысқа түсті. Ұтымды әзілдерімен көрермендер мен әділқазылардың көңілінен шығып, 1 орынды Шолаққорған ЖОМ «Жас қорған» командасы жеңіп алса, 2 орынды А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ «Бірлігіміз жарасқан» командасы иеленді, 3 орынды Ә.Молдағұлова атындағы ЖОМ «Шолаққорған» құрама командасы қанжығаларына байлады. Жеңімпаз командаларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сайыстан түскен қаржы тұрмысы төмен төрт отбасына үлестірілді.

«Қайырымдылық шарасының мақсаты – бір отбасының қажеттілігінен тыс киім-кешектерін қоғамдағы екінші бір мұқтаж адамдарға үлестіру. Алайда, бұл игі істі жүйелі түрде жасау мақсатында қолға алынып отыр. Осы арқылы қоғамдағы адамдар арасында мейірімділікті жайып, бір-біріне көмек қолын созуға дәнекер болу деген ізгі ойдан туындаған жаңа жоба» дейді «Мыңжылқы» мәдениет үйінің директоры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары