$ 447.4  477.55  4.76

Сайрамда «Кемеңгер көшбасшы» атты мерекелік шара өтті

Кеше ОҚО Сайрам ауданының Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Кемеңгер көшбасшы» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында аудан әкімі Самат Айдарханұлы және аудандық мәслихат хатшысы Жансерік Сүлейменов аудан халқын мерекемен құттықтады. Әрі тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның әр түрлі саладағы индустриялық-инновациялық жетістіктерін ортаға салды.

«Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтіп отырмыз. Бұл жай ғана мерекелік күн емес, бұл-мемлекет тарихындағы ұлттық мемлекетіміз үшін маңызы зор айтулы күн. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Отаны мен халқы үшін ынта-ықыласын салып, адал әрі жанкешті қызмет етудің нышанына айналды. Ол кісінің атқарған жұмыстары орасан. Тәуелсіздік алып, өз алдында отау тіккен қазақ халқының демографиялық саны көбейе бастады» деген аудан басшысы ары қарай ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«1991 жылы желтоқсанның 16-ы күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақ халқы аңсаған арманына жетті. Еліміз егеменді мемлекет болды. Бұл күнді ата-бабаларымыз қалай күтті! Қазіргі кезде барша ел таңыған, ғасырдың жаңа сатысына көтерілген, дербес ел болдық. Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы» деп сөзін сабақтады.

Сонымен қатар аудандық «Жастар ресурстық орталығының маманы Әділхан Төлегенов ауданымыздың жастарына жалынды үндеу жолдады. Аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен іс-шараға келкен қонақтар өз ризашылықтарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары