$ 442.05  474.14  4.74

Сайрамда «Қазақстан бірлік мекені» атты көрме өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн жобасы «Бірегейлік және бірлік» күніне арналады. Осы күнге орай ОҚО Сайрам ауданында «Қазақстан бірлік мекені» атты көрме өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шара барысында аудандық орталық кітапхана Тәуелсіздік пен бірлікке арналған кітап көрмесін жасады. Атаулы шараны Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапхана мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бірлесіп ұйымдастырып отыр.

«Ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды конституциялық орган болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрықша екенін атап өткен жөн. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығы, Астана қаласында мемлекет басшыларының Саммитін өткізуді дүниежүзінің қолдауы мемлекетіміздің Конституция негізінде жүргізіп отырған салиқалы саясатының белгісі. Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдарындағы жүзеге асырылған бастамалардың жеңісі» деп атап өтті Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапхана басшысы.

Қазақстан халқының өзге ұлт өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болуын, бірлігі жарасқан ел ішінде етене жақындығын, мызғымас достығын жас ақындар өлеңдеріне арқау етті. Мектеп қабырғасында жүріп, өлең шығарумен әуестеген оқушылар барынша өз шеберліктерін байқатты. Келешекте болашағынан зор үміт күттіретін балғындардың шығармашылығына ден қойылып, өлең құрылысын жасаудағы шеберлігіне, сөздерді бір-бірімен байланыстыра білуіне мән берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары