$ 439.43  473.31  4.82

«Абысын тату болса ас көп» атты келіндер сайысы өтті

ОҚО, Сайрам ауданы, Көлкент ауыл округі М.Оразалиев атындағы орта мектебінде ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Абысын тату болса ас көп» келіндер байқауы өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқауға ауылдың 6 келіні қатысып, сыннан өтті. 90-нан астам көрермен қатысқан іс-шараны Сайрам аудандық мәдениет бөлімі ұйымдастырып отыр. Әділ қазылар алқасы қатарында М.Оразалиев атындағы клубының меңгерушісі Айжарқын Сарсенбаева, мектеп педагог-ұйымдастырушы Роза Сарсенбаева, мектеп кітапханашысы Гүлмира Абишева және өнер жанашыры,тарих пәнінің мұғалімі Қаныбек Қыпшақбаев болды.

Қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған инабатты, ибалы қазақ келінін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа ауылдың ең шебер, пысық, сымбатты деген 6 келіні қатысып, бақтарын сынады. Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен өздерін таныстырып өтіп, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сауалдарға жауап берді. Мұнан соң, өздері жасаған қолөнер бұйымдарын қазылар алқасына ұсынып, ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Сәні мен салтанаты жарасқан келіндер сайысында қазылар алқасын ақ жаулықты әжелер құрады. Бәсеке соңында үздік деп танылған келіндер түрлі аталымдар бойынша марапатталып, оларға сый- сияпаттар табыс етілді. Бас жүлдені Ләззат Исабеова жеңіп алса, одан кейінгі жүлделі орындарға Салтанат Жұмаділова, Сәуле Ташболатова, Қарлығаш Өндірбаевалар ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары