$ 443.37  474.49  4.83

Созақтық жастар отандық өнімдерді қолдау акциясына қатысты

Бүгін Созақта «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Отандық өнім – Тәуелсіздіктің 25 жеңісі» атты отандық өнімді қолдауға арналған жастар акциясы өтті. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бүгінгі күні қалалық әкімдік пен кәсіпкерлік бөлімі жергілікті өндірушілермен, сауда желілерімен және базарлармен тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Қазір ауданда тұтынушылық қорынына кіретін ұн, макарон, жарма, сүт, шұжық, сұйық май сияқты тауарлардың көп бөлігі өндіріледі.

— Тұрғындарды жергілікті сапалы өніммен қамтамасыз ету — біздің басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінгі күні Созақта негізгі азық-түлік қоржынына кіретін ұн, макарон, жарма өнімдері басқа өңірлерге қарағанда төмен бағамен сатылады. Сондай-ақ, қазіргі кезде сүттен, сұйық майдан, ұннан жасалатын өнімдердің түрлері көбейіп, тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылып отыр, – дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры Ғ.Жүсіп.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жергілікті кәсіпкерлер, оның ішінде азық-түлік өндірушілер мемлекеттік бағдарламалар арқылы алған несиелеріне субсидия алады және оларға инфрақұрылымдық көмек көрсетіледі.

Айта кету керек, Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқын патриот болып, тек отандық өнімдерді тұтынуға шақырған еді. Сондай-ақ, Президент еліміздің барлық өңіріндегі сауда орындарына қазақстандық өнімдерге жеке бұрыш белгілеп, басқа импорттық тауарлардың тасасында қалмауын қадағалауды облыс әкімдеріне жүктеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары