$ 505.15  550.31  5.89

«Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» атты кітап көрмесі өтті

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бүгін ОҚО, Арыс ауданы, Дермене ауылдық округінде «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» атты кітап көрмесі өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Айтулы шараны «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Дермене ауылдық округінің инспекторы Е.Альфатаев және Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта мектебі ұйымдастырып отыр. Мектеп оқушылары арасында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру.

Кеш барысында Н.А.Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметі, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлі, Қазақстан қоғамын жаңарту мен қайта құрудағы зор еңбегі туралы баяндама слайд арқылы көрсетіліп, айтылды.

«Оқырмандарға қызмет көрсету» секторының меңгерушісі «Әлем таныған тұлға» атты төрт бөлімнен тұратын кітап көрмесіне шолу жасады. «Өмірі мен қызметі» деп аталынған бірінші бөлімде Елбасының өмірбаяны, оқыған жылдары мен еңбек жолының басталуы, ҚР Президентін сайлау және ұлықтау, халықаралық наградалары мен құрметті атақтары туралы әдебиеттер қойылды.

«Н.Назарбаевтың еңбектері» деп аталынған екінші бөлімде Елбасының кітаптары, баяндамалары мен сөздері, жолдаулары мен үндеулері, сұхбаттары мен мақалалары және әр жылдары жарық көрген «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Евразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл» атты және т.б. кітаптары қойылды.

Кеш соңында оқушылар «Көшбасшы – бұл...» және «Егер мен, Президент болсам...» деп аталған оқырман слэміне өзерінің ой-пікірлерін жазды.

«Іс-шараның мақсаты – халқының болашағы үшін адал еңбек сіңіріп жүрген Елбасы жайында толығырақ мәлімет беріп, оның еңбектерін дәріптеу. Барша ұлтты бауырымызға басқан бауырмал Қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем көрмеген татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан өз ұлты, халқы, діні, тілі бар құдіретті ел» дейді Дермене ауылдық округінің инспекторы Е.Альфатаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары