$ 439.43  473.31  4.82

Сайрамда «Тәуелсіздік және Елбасы» мерекелік сағаты өтті

Сайрам аудандық орталық балалар кітапханасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыбында мерекелік сағат өткізілді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шараға №20 С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, оқушылар Елбасының өмір жолынан үзінді айтып, мәнерлеп өлеңдер оқыды. Елбасына арналған әндер шырқалды. Кітапханашылар жасақтаған «Өркениетке бастайтын Елбасы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Мұғалімдер Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы баяндап сөз сөйледі.

«Әрбір шәкірттің жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік болды. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің соңғы он тоғыз жыл тұтқасын ұстап,туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы- тұңғыш Президентіміз – Н.Ә.Назарбаев өз мойнына қаншама істер алды. Алда келе жатқан тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!» деді Сайрам аудандық балалар кітапханасының директоры.

Оқушылар еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктері жайлы толғанып, ел ордасы - Астана қаласына арналған жырларды мәнерлеп оқыды. Кітапханашы Шамшат Байменова оқушыларды тәуелсіздіктің тарихымен таныстырып шолу жасады. Оқушылар қазақ халқының тәуелсіздік алу жолындағы күресінен көрініс қойып, өлеңдер оқып, «Қара жорға» биін биледі. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы да естелік әңгімелер айтылып, бейнебаян көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары