$ 444.22  476.38  4.82

Тұңғыш Президент күні Созақта ардагерлер үйі ашылды

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының депутаты Мағауия Тұрысбеков ардагерлерге сый жасады. Осынау мереке күні аудан орталығы Шолаққорған ауылында аудандық ардагерлер үйі ашылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі М. Исаев, облыстық мәлихаттың депутаты М. Тұрысбеков, Т. Баймаханов, ардагерлер мен тұрғындар қатысты.

Ашылу салтанатында аудан әкімі М. Исаев жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, ғиамарттың соғылуына демеушілік еткен кәсіпкер М. Тұрысбековке аудан тұрғындарының атынан алғыс айтты. Өз сөзінде М. Тұрысбеков:

- Аудан ардагерлеріне жасаған сыйымды қабыл алыңыздар. Ғимараттың ішінде ардагерлер келелі мәселелерді талқылайды деп үміттенемін. Ұрпақтар сабақтастығы қашанда үзілмеу керек. Алдағы уақытта да қолдан келген көмегімді аямаймын, - деп ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың депутаты Т. Баймаханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Еспенбетов құттықтау сөз сөйлеп, алғыстарын жеткізді.

Жалпы созақ ауданында 5048 ардагер бар. Осы уақытқа дейін аудандық ардагерлер кеңесі «Нұр Отан» партиясы ғиамаратын пайдаланып келген. Бір бөлме ел ағаларының келелі кеңес құрып, елдік мәселені ақылдасуға тарлық ететін. 263 шаршы метір ғимараттың ішінде мәжіліс залы, ардагерлерге арналған демалыс орны, тағы басқа қажетті бөлмелермен қамтылған. Ал, ғимараттың қажетті тұрмыстық құрал жабдықтарды демеушілер есебінен жасақталды.

Айта кету керек облыстық мәслиахттың депутаты М. Тұрысбеков осыған дейін аудандық Нұр Отан партиясының жеке ғимаратын да өз қаржысы есебінен тұрғызып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары