$ 446.49  475.38  4.79

Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға, ауыл кент әкімдері, бөлім мекеме басшылары, жалпы аудан тұрғындары қатысты. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Барша аудан тұрғындарын құттықтаған аудан әкімі М. Исаев:

«Биыл барлығымыз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы, осынау жылдар аралығында дамып, өркендегеніміз тікелей Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында екені сөзсіз. Бейбіт өмір, кеңшілік заман, әлемдегі көптеген мемлекеттерге арман ғана. Осындай тыныштық заманда өмір сүрген біздердің алдымыздағы міндет, елдің бірлігі, халықтың ауызбіршілігін сақтап, млекетіміздің көркейуі жолында жұмыс істеу»- деді.

Табысты жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге аудан әкімі алғыс хатпен сый сияпат табыс етті. Сондай-ақ, жүрекжарды лебізін білдірген аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев, мұғалімдер мен дәрігерлерге жалпы ауданның дамуына өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға алғыс хат табыс етті. Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы М. Асқаров бірқатар азаматтарды марапаттап, мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиын барысында аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары