$ 449.58  486.94  4.86

Арыста «ауылым – алтын бесігім» атты сенбілік өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО, Арыс қаласында «Ауылым - алтын бесігім» атты сенбілік өтті. Бұл туралы Арыс ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сенбілікке «Арыс гуманитарлы-теxникалық» колледжінің студенттері қатысты. Қаладағы көше, мәдени орындар мен қоғамдық орындарды тазартып, қаланың тазаруына үлес қосты. Шараны өткізудегі басты мақсат – ел тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойына қарсы қала көшелерін тазарту. Сенбілікке қатысқан әр студент ерікті түрде сенбілікке өз үлестерін қосты. Мұндай игі шара қоршаған ортаға деген құрметті арттыра түседі сенбілікке қатысушы белсенді топ.

«Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның міндеті. Қала көшелерін таза ұстау арқылы болашақ ұрпаққа өзіміздің ісімізбен үлгі бола аламыз. Сонымен брге Қазақстан Республикасының 25 жылдық тәуелсіздік мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтаймыз. Осындай атаулы мерекеге қалай болса да өз үлесімізді қосу парызымыз» сенбілікке қатысушы колледж студенттері.

Арыс ауданы қарасты ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту бойынша жыл басынан бері бірнеше рет ауқымды шаралар ұйымдастырылып келеді.

«Егер әрбір қалалық егілген ағаш көшеттерінің жайқалып өсуіне жағдай жасаса Арыс қаласының бұдан да ажарлана түсетіні ақиқат. Сондықтан барлық арыстықтарды қала тазалығына бір кісідей атсалысуға, егілген ағаштарды күтіп-баптауға шақырамыз» дейд ұйымдастырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары