$ 443.35  475.54  4.82

«Жұлдызды 25 күн» акциясы БАҚ өкілдерін құттықтаумен жалғасты

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ел аумақтарында өтіп жатқан «Жұлдызды 25 күн» іс-шаралар жоспары белсенді жалғасып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұлдызды 25 күн» іс-шаралар жоспары үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдерін құттықтаумен жалғасты.

Жергілікті билік өкілдері азаматтық қоғам күніне орай тәуелсіздік жылдары ел дамуына үлес қосқан белсенділерге алғыс білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков бастаған топ алдымен өңірде «Азаматтық альянс» қауымдастығының негізін қалаушы Клара Әліпованы арнайы құттықтады. Бүгінде мекеме облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың басын қосып, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырып келеді. Бұл күш бүгінде бизнес қауымдастығымен қоян-қолтық әріптестік орнатып, мәдени, қайырымдылық шаралардың басы-қасынан табылуда.

Бастамашыл топ өңірдің журналистика саласында жемісті 18 жыл еңбек еткен Юрий Кирюхиннің үйіне де ат басын бұрды. Көптеген қоғамдық іс-шаралардың бастамашысы болған ардагер тілшіге сый-сыяпат көрсетілді.

Еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған Юрий Григорьевич облыстық «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетін 18 жыл басқарып, соңғы жылдары облыстық славян мәдени орталығының төрағасы болған. Оншақты жылдан бері осы орталық төрағасының орынбасары қызметін абыройлы атқарып келеді. Юрий Кирюхинді жұртшылық «Қазақ романсиадасы» халықаралық байқауының негізін қалаушылардың бірі ретінде де таниды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары