$ 447.4  477.55  4.76

Созақта көшпелі отырыс өтті

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпаратты құруды түсіндіру жұмыстары тағы бір мәрте пысықталды. ОҚО Созақ аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызмет көрсету барысында кездесетін сұрақтарды талқылау мен ұсыныстар бойынша көшпелі отырыс өтті.

Жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттінің ОҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Әшір Біржан Отарбайұлы қатысты.

Көшпелі отырысқа ауыл кент округ әкімдері мен қызметкерлер, дербес бөлім басшылары мен мамандары, жергілікті мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Мемлекеттік қызметкерлердің алдында тұрған талап халықтың сенімін ақтап, көпшілікке қызмет ету. Көшпелі отырыстық мақсаты да «100 нақты қадамның» маңыздылығын жұртшылыққа жеткізу, мемлекеттік аппаратты кұшейту, мемлекеттік қызметшілерді заманның жаңа сұранысына лайықты жұмыс жасауға дайындау, реформаның әр кезеңінде ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болатын.

Жиын барысында Б. Отарбайұлы мемлекеттік қызмет тарапынан мерикократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік бірдей берілетіні атап өтті.

5 институттық реформаның ең алғашқысы мемлекеттік қызметкерлер корпусын кәсіби және автономиялы етуге бағытталған. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруге кепілдік беретін бағдарлама. Реформаның алашқы 15 қадамы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби корпусын дербес етіп жасақтауға негізделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары