$ 442.05  474.14  4.74

Созақта мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары талқыланды

Мемлекеттік стандартқа сәйкес халыққа сапалы қызмет көрсету – бүгінгі күндегі басты мәселе. Осы негізде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл мерейтойы қарсаңында Созақ ауданында мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында пікірталас жиыны өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттінің ОҚО бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Әшір Біржан Отарбайұлының қатысты. Сонымен бірге ауылдық округ әкімдіктерінің және дербес бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де ат салысты.

Пікірталас барысында Біржан Отарбайұлы Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қызмет көрсетуде орын алған кемшіліктерді жою, тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізу, насихаттау мақсатында басылымдар арқылы және электрондық нұсқада түсінік жұмыстарын жүргізу жұмыстар туралы мағұлымат беріп өтті. Қызметтің дер кезінде стандарт талаптарына сай сапалы жүргізілуін алға тартқан Б. Отарбайұлы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сай салалар бойынша көрсетілетін қызметтерді уақытылы, сапалы жүргізуді қатаң назарға алынады деді. Жиын барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Оразов аудан көлімінде атқарылып отырған жұмыстарды айтып өтіп, кей бір салдағы орын алған олқылықтарды түзетуге жұмыстар жасалады деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары