$ 447.4  477.55  4.76

Тәуелсіздік мерекесі аясында «Азаматтық қоғам» күні аталып өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қ.Кемелұлы атындағы шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Менің елім – Қазақстан» атты іс-шара өтіп, Созақ ауданы тұрғындарымен кездесу өтті.

Осы күні аудан әкімі М. Исаев аудандағы үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тәуелсіздік жылдарында азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне сый көрсетілді. Сондай-ақ бұл жерде бейресми лидерлер мен қоғам белсенділері құқықтық мемлекеттің қалыптасуында үшінші сектордың рөлі мен мүмкіндіктері талқыланды. Өңірдегі оқу орындарында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы пікір қозғалды.

Сондай-ақ, «Азаматттық қоғам және құқықтық мемлекет» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

25 жыл бойы егеменді елдің дамуына үлес қосқан үкіметтік емес ұйымдар белсенділері мен БАҚ өкілдерін айтулы күн қарсаңында өңір жетекшісі ортақ мейрамымен құттықтады.

«Азаматтық қоғамның дамуы қоғамның барлық мүшелерінің теңдік әмбебаптық ережелеріне құрылған. Азаматтық қоғам өз азаматтарының құқықтарын толық қамтамасыз ете алады. Биылғы тәуелсіздіктің 25 жыл мерейтоы құтты болсын» деді жиында сөз алған аудан басшысы М. Исаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары