Нұрлы жол 25.11.2016 сағат 05:29

Түркістанда «Дін – бірлікке бағыттайды» атты конференция өтті

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Конференцияның мақсаты еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға негізделген.

Конференция жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Жалмұрзаев Батырбек Қаратайұлы жүргізіп отырды.

Конференция жұмысына қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің қызметкерлері, дінтанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар, мешіт имамдары, Дінтану негіздері пәнінің мұғалімдері, жоғары, орта арнаулы оқу орындары жастар ісі комитеттерінің төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың және Қ.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің вице президенті Мұстафа Ереннің құттықтау сөзін сөйледі, РАТТ мүшесі, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Қоғаммен және БАҚ-пен байланысты жөніндегі басқармасының» басшысы Иманбаев Мейрам Өткілбайұлы, «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының» Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Исахан Мұхан Баймұратұлы «Зайырлы мемлекет: Әлемдік және Қазақстандық үлгісі» тақырыбында, «Дінтанушылар конгресі» ҚБ төрағасы, ф.ғ.д., профессор Айдар Әбуов «Қазақстандағы дінтанудың өзекті мәселелері» тақырыбында және ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің қызметкерлері Асылбек Төлегенов «Дін бірлік пен ынтымақтың асыл қайнары» тақырыбында баяндама жасады.

Пленарлық мәжілістен соң сағат 15.00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетіннің аудиторияларында «Дін және зайырлылық» (модератор С.Оразбай – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Дінтану кафедрасының аға оқытушысы), «Бірлікке тоғыстырар дәстүрлі діннің маңыздылығы және исламдағы діни ағымдар мен бағыттар» (модератор Д.Оспанов – ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің бөлім басшысы) тақырыптарында секциялық жұмыстар өтті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар