$ 443.85  474.3  4.8

Созақта «Ұлттық валюта – тәуелсіздіктің негізі» атты көрме өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлттық валюта» күні ОҚО-ның Созақ ауданында кең көлемде аталып өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақты дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау салтанатына, Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің ұжымы ауданымыздағы қаржы саласында еңбегі сіңген және қызмет етіп келе жатқан қызметкерлерді, есепшілерді құттықтады. «Төл теңгеміздің тарихы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, теңгенің қалай және қашан пайда болғаны, Ұлттық валютаны енгізу туралы шыққан жарлық, теңгенің қолданыстағы маңызы сынды мәселелер талқыланды.

«Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Тәуелсіздік мерекесімен қатар келіп отырған ұлттық теңгеміздің туған күні құтты болсын» деді жиында сөз алған аудан әкімі М.Исаев.

Шара аясында «Ұлттық валюта – тәуелсіздіктің негізі» атты әр кезеңде қолданыста болған төл теңгелер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге келген қонақтарға әр кезеңде қолданыста болған төлтеңгелер туралы мағлұматтар берілді.

Естеріңізге сала кетсек, қазақ халқы теңгені ежелден бері пайдаланып келеді. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монетасы айналыста болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары