$ 446.49  475.38  4.79

Этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай облыстық этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада ұйымдастырылды.

Спорттық шараға түрлі ұлт өкілдері мен блогерлер және журналистерден жасақталған 9 команда қатысты. Жүзге тарта спортшы шағын футбол, шахмат пен үстел теннисі, жүгіру және арқан тартудан өзара мықтыны анықтады. Аға буын өкілдері де шарадан шет қалмады. Ынтымағы мен ауызбірлігі жарасқан оңтүстіктің көпұлтты халқы осылайша спортта да ұйымшылдық танытты.

Нұрсбек Капар-Пур, облыстық Иран этномәдени бірлестігінің төрағасы:

– Орыстарда айтады ғой «Галавное не победа, а участие» деп. Сол сияқты қатысқанның өзі үлкен ғанибет. Біздің командада жастармен бірге қарттар да, қыздар да ойнап жатыр. Сондықтан еліміздің тыныштығына, татулығына көп үлес қосады деп ойлаймын.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан өңірінде Тәуелсіздіктің арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатқан 100-ден астам этнос өкілі тұрады. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын ұғындырған спартакиада елге сүбелі үлес қосқан жастардың еңбегі де тілге тиек етілді.

Облыс бойынша 20 этномәдени бірлестік, ал қалалар мен аудан орталықтарында олардың 51 филиалы қалыпты қызмет көрсетіп келеді. Этномәдени бірлестіктер жанында 11 жексенбілік мектептер, ақсақалдар кеңестері мен жастар қанаттары жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары