$ 448.56  478.03  4.79

«Парасатты ел» Қазақстан атын әлемге паш етпек

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай және Қазақстанды әлемге танымалдылығын барынша арттыру мақсатында отандастарымыз «Парасатты ел» мобильдік қосымшасын әзірледі. Қосымшаның ауқымды аудиторияны қамтып, дүние жүзінің кез келген бұрышынан қолжетімді болуы көзделген.

«Қазақстанның әлемге танымалдылығын одан әрі арттыра түссек, еліміздің тарихымен, мәдениетімен, жетістіктерімен, таныстырсақ деген ниетіміз болды», - дейді мобильдік қосымшаны әзірлеушілердің бірі Талғат Тайымов.

Мобильді қосымша кез келген жастағы адамға арналған халықаралық зияткерлік викторина түрінде әзірленген. Яғни, қосымшаны пайдалана отырып, әлемнің кез келген бұрышындағы, кездейсоқ тәсілмен таңдалған  адамның сенің елің туралы білімінен ол өмір сүріп жатқан ел туралы біліміңнің зор екенін паш ету. Ойын жеңіске қол жеткізген әрбір адам ұпайлар жинау арқылы өз елінің рейтингін әлемдік зияткерлік деңгейде көтеруге мүмкіндік алатындай етіп құрылған.

Қазақстан жайлы тым аз білетін елдер көбірек мағлұмат білуге жол ашатын қосымша келесі жылдың басында IOS және Android операциялық жүйелерінде көпшілік үшін қолжетімді болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары