$ 444.14  477.05  4.85

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына студенттер флешмоб ұйымдастырды

Бүгін Мақтарал аграрлық коледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Біз бақытты жастармыз!» атты акция өтті. Тікелей колледж басшылығының тапсырмасымен өткен іс-шарада жүздеген студенттерден құралған топ концерттік бағадарлама көрсетіп, жоғары деңгейде флешмоб ұйымдастырды.

Мақтарал аграрлық колледжінің директоры Нұрхан Ділдәбеков, Мақтарал аудандық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Абай Есенбеков, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мұхтар Бейсенбаев қатысқан жиында тәуелсіздіктің жетістіктері, тарихы, егемен елде туылған жастарға Елбасымыздың жасап жатқан жағдайы мен жобалары жайлы айтылды.

"Мақтарал ауданында 90 мыңға жуық жас болса, Мақтарал аграрлық колледжінде 1000-ға жуық студент оқиды. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған флешмоб үшін Мақтарал ауданы әкімі аппаратының атынан колледж басшылығына алғыс білдіреміз!", - делінген колледждің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 21 қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің басқа өңірлеріндегідей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды.

15 желтоқсанға дейін жалғасатын осынау акция «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Қазақстан Республикасының Президенті институты», «Отбасылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Мәдениет және руханият», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Индустрияландыру», «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары»  сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік  жетістіктерін баяндайтын 80-ге жуық тағылымы мол жиын, мерекелерімен жалғасын табады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары