$ 448.89  477.93  4.76

Созақта 50 отбасы қоныс тойын тойлады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында 50 отбасы қоныс тойын тойлады. Теріскейліктерге тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, тұрғындарға баспана кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Облыс әкімі аудан орталығы – Шолаққорған ауылында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердің кілтін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналар мен кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге табыстап, жаңа қоныстың құтты шаңыраққа айналуын тіледі.

«Ел үй – елу отбасы – елу жанұя. Осы елу отбасының әрқайсысында 4-5 адамнан бар деп есептесек, бүгін 200-ге жуық созақтық тұрғынның қуанышына ортақтасып отырмыз. Мұндай жағдай өңірімізге «Нұрлы жол», «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында бөлініп жатқан үлкен қаржының арқасында мүмкін болып отыр. Болашақта осындай бағдарламалар арқылы көптеп ақша бөліп, бүгінгідей тұрғын үйлердің салынуына барынша атсалысатын боламыз», - деді Ж.Түймебаев.

Тұрғын үйдің біріне ие болған ауыл тұрғыны Балтабаева Айман: «Барлықтарыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Көп балалы ана ретінде жаңа үйдің біріне ие болып отырмын. Қуанышым шексіз. Барлықтарыңызға алғысымды жеткіземін»- деп жүрекжарды лебізін білдірді.

Жаңа үйдің іргетасы 2015 жылы қалана бастаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, табысталған баспаналар мерейлі мерекедегі үлкен сый болып отыр. Ал тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Ел Құрылыс тобы» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары