$ 444.22  476.38  4.82

Ұлттар татулығы баянды тәуелсіздік!

Сарыағаш ауданы Абай аудандық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік форум өтті. «Бір шаңырақ астында жасаймыз» атауымен ұйымдастырылған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша қолға алынған 25 жұлдызды күн іс-шарасы аясында өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов арнайы қатысып, қала тұрғындарын ел тәуелсіздігі мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ауданға еңбегі сіңген бірқатар өзге ұлт өкілдерін аудан әкімінің атынан «Алғыс хаттарымен» марапаттады.

Форумда қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қыстау Ілесов М.Горький атындағы орта мектептің қызметкері Марина Садиярова және өзге де азаматтар құттықтау сөз сөйледі. Олар шындығындаОлар шындығында бір шаңырақ астында татту-тәтті тұрып жатқан ұлттар достығына сызат түспейтінін айта келе,осындай тамаша ғұмыр сыйлап отырған Елбасына алғыс пен ыстық ықылас лебіздерін білдірді. Мереке барысында әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған өнерлі жастар тобы би билеп, әуезді әндер салды. !с-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердалиева кеш соңында құттықтау сөз сөйлеп, өнер көрсеткен жастарды марапаттады. Сайып келгенде елдегі тұрақтылық пен бірлік салтанат құрғанда ғана тұғырлы Тәуелсіздігіміз баянды болмақ. Кешке жиналғандар осындай ой түйіп тарқасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары