$ 505.15  550.31  5.89

Бейбітшілік пен келісім – тәуелсіздіктің бастауы

Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, Шымкент медициналық колледжінің мәжіліс залында «Бейбітшілік пен келісім - Тәуелсіздіктің басты жетістіктері» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы және «Бізбен бірге» қоғамдық қоры ұйытқы болды. Жиынға аталмыш оқу орнында білім алып жатқан студент жастар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар өмірлік тәжірибелері мен тәуелсіздікке қалай жеткендері туралы әсерлі де ғибратты әңгілемелер айтты.

Жалындаған жастықтың желбіреген алауы Тәуелсіздік баянды болғанда ғана ғұмырлы болады. Қазіргі таңда Шымкент медициналық колледжінде мыңнан астам студент білім алуда. Олар салауатты елдің ертеңін қалыптастыратын жалынды жастар. Кездесуде әр азаматтың мамандығына, отаны мен туған елі мен жеріне адал болуы туралы да ойлар ортаға салынды.

- Сонда ғана адам өмірі үшін араша түсетін дәрігерден бастап, өзге де мамандық иелері озық отыздықтан ойып тұрып орын алар дамыған мемлекеттің іргесін қалайды. Шынайы білім нәрімен сусындаған жан ғана барлық саланың майталманы бола алады. Сіздерден талап етілетін нәрсе, лайықты білім мен патриоттық рухы басым болып қалыптасу, - десті жиынға келген аға буын өкілдері.

Мұндай кездесулер өзге де жоғары және орта арнаулы білім ошақтарында жалғасын табатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары