$ 448.89  477.93  4.76

Білімді жастар Тәуелсіздік тойына ерекше тарту жасады

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық шарасы өтті. Бастама ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Жәрмеңкенің басты мақсаты - аз қамтылған отбасылардан шыққан ауыл оқушыларына «ЭКСПО 2017» көрмесіне қатысуына мүмкіндік беретін қаражат жинау болып табылады.

Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүрген оқушылардың барлығы өз мұмкіндіктерін сарқа пайдаланды. Бірі тәтті тағамдарын пісіріп сатса, енді бірі қолөнер бұйымдарын жасады. Ал енді бірі сурет салып, саудаға шығарды. Тіпті балалар арасында кәсіпкер ата-аналары өндіріп отырған өнімдерін де алып келіп сатылымға қойғандары да болды. Тәуелсіздік мерейтойы мен ЭКСПО көрмесі қатар келген ел мерейін үстем етер айшықты шаралар. Сондықтан мұндай айтулы шараларға барлық балғындар қатысуға мүдделі. Келер жылдың маусым айынан басталғалы тұрған әлемдік маңызы зор көрмеге оқушылар осылайша қазірден дайындықтарын бастап кетті. Бір ғана қайырымдылық жәрмеңкесінде жиылған қаражат мұқтаж оқушыларға үлестіріліп берілді. Айта кеткен жөн, жалпы мұндай бағыттағы шаралар Назарбаев зияткерлік мектептерінде үрдіске айналған. Тәуелсіз елдің текті ұландары білімді, білікті ғана емес, қайырымды және қайсар болып қалыптасуда.Олар елдің ертеңін қалыптастыратын есті ұрпақтар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары