$ 478.93  534.96  5.16

ОҚО-да «Туған жерге тағзым» қайырымдылық концерті өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылдыққа 25 игі іс» шарасы аясында «Туған жерге тағзым» қайырымдылық концерті өтті. Елдегі мерейлі мерекеге арналған шара – аймақтағы көмекке мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеп, оларға қол ұшын беруді мақсат тұтып отыр.

Қайырымдылық концерт елге елеулі еңбегі сіңген өнер жұлдыздарының қатысуымен өтті. Атап айтқанда, Марат Омаров, Шахизада, Жұбаныш Жексенұлы сынды оңтүстіктен шыққан өнер иелері туған жерлеріне келіп, жиырма бес жылдыққа айтулы үлестерін қосты.

Концерттен алдын журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізген мәдениет майталмандары, мүмкіндігінше еліміздің барлық аймағын қамтуды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Кеш барысында Тәуелсіздікке тарту етіліп, отансүйгіштікті дәріптеуге бағытталған патриоттық рухтағы әндер көп шырқалды. Өнерлері егемен елмен бірге жетілген әншілер, тап осы Тәуелсіздіктің арқасында бейбіт күнде бейбіт елде бақытты ғұмыр кешіп отырғандарын жеткізді. Тыныштық пен ынтымақ салтанат құрған елде ғана мәдениет дамып, халықтың рухани құндылықтарға деген қажеттіліктері арта түседі. Игі бастамадан түскен қаржыдан облысымыздағы денсаулығы ауыр балалар мен емделуге қаржылан тапшылық көріп отырған жандарға, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілді. Бір шара аясында тап осындай көмекке мұқтаж сегіз отбасына 250 мың теңге көлемінде үлестірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары