$ 498.34  519.72  4.85

Елбасы бастамалары баянды болсын!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақстан Републикасы Президентінің жаһандық бастамалары» атты көрменің тұсауы кесілді. Көрменің ашылу салтанатына мұражай қызметкерлері, әскери салада білім алып жүрген жастар, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Қазақстанның жиырма бес дылда жеткен жетістіктері тікелей Елбасының ерен еңбегімен байланысты. Бұл бөліп қарауға болмайтын егіз ұ,ым іспетті. Әлемдегі дамыған озық отыздыққа Қазақстаннығ ілінуі, мемилекеттік байыпты бағдарламалар, ұлт жоспары жұз нақты қадам – мұның барлығы сайып келгенде ел егемендігінің арқасында қол жеткізген бізді басты жетістігіміз. Елбасы үнемі елге қатысты ғана емес, жаһандық мазыңы зор проблемалардың шешілу жолдарын ұтымды ұсына білген сарабдал саясаткер ретінде әлемге танылып отыр. Оны барлық ұсыныстары, биік мінберлерде сөйлеген сөздері осыған жарқын мысал бола алады. Елбасы манифесі, ядролық қауіпсіз әлем қалыптастыруда Қазақстанның алар орны ерекше.Алпауыт елдер арасында небәрі азаттығына жиырма бес жыл толған елдің мықты қарудан бас тартуы – бейбіт өмір мен адамзат құндылықтарын жоғары бағалайтын президенттің мәртебесін айқындап берді. Жаһандық бастаманың жоғары деңгейін екшеп берген мемлекет басшысы – Тәуелсіздіктің құнын арттырып, оны бағалай білетін, ынтымағы мен бірлігі жарасқан азат Қазақ елін құруға қашанда мұдделі болды. Кездесу барысында осындай мәтіндегі келелі әңгімелер жиылған қауымға айтылды. Мұражайдан осындай ірі бастамаларға үндейтін суреттер, түрлі заттар мен Елбасы туралы кітаптар орын тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары