$ 441.66  475.14  4.86

Түзу тұрмыс – еңбектен

Түркістан қаласына қарасты Қарашық ауылы тұрғындарының тұрмысы түзеліп, шаруаның ісі өркендеген. Мемлекеттен қолдау алып, іс бастап, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандары да баршылық. Түрлі ұлт өкілдері шоғырланған елді-мекеннің ынтымағы жарасқан, бірлігі бекем. Мұны тұрғындар тәуелсіздіктің жемісі деп біледі.

Мерейлі меркенің 25 жылдығына орай олар өздері өндіретін өнім көлемін арттырып, ел экономикасын еселеуге өзіндік үлестерін қоспақ ниетте. Қарашық ауылында ауылшаруашылыққа арналған 16 мың гектар жер бар. Оның 397-і гектары суармалы болса, 11 мың гектары жайылым жерлер. Биыл 1280 гектар жерге мақта егілсе, ал 673 гектарға бақша дақылдары егіледі. Жергілікті өнім Түркістан аумағы мен жақын аудандарға сатылымға шығады. Жергілікті шаруа Акрам Сұлтанов – Қарашық ауылының тұрғыны. 70-ке таяп қалса да егістіктен қол үзген емес. Осы елді-мекендегі 30 гектар жеріне бидай, мақта және бақша өнімдері мен жүгері егеді. Өнім көлемі жоғары болғандықтан мемлекеттен тікелей қолдау алып отырады. Егемендіктің ақ таңы атқан ширек ғасырға жуық уақытта осындай толағай табыстарға қол жеткізгенім Тәуелсіздіктің арқасы деп біледі.Бұгінде барлық шаруа ісін өрге домалату үшін мемлекет тарапынан айтулы көмектерге қол жеткізіп отыр. Жеке шаруашылығы үшін Ергешовтер әулеті мемлекеттен 3 миллион несие алған. Оған 75 ірі қара алып, шаруасының өрісін кеңейткен. Қазір тек мал бордақылап сатудан бөлек, қымыз бен сүт өндірумен де айналысып отыр.

КӘМІЛЖАН ЕРГЕШОВ – ШАРУА

- Мал бағып отыр едік. Мемлекеттен қолдау алуға болады дегенді естіп, барып білдік, сөйтіп несие алдық. Жылда несие аламыз, субсидия аламыз. Ісімізді осылайша жүргізіп отырмыз. Алғысымызды білдіреміз, осы мемлекеттегі бағдарламаға.

Қарашық ауылының өнімдері Шымкент пен Астана қалаларына да жөнелтіліп тұрады. Табиғи таза бақша дақылдарына деген сұраныс та жоғары. Нәпақасын қара жерден айырғандардың мемлекеттік қолдауға алғыстары шексіз. Бейбіт те егемен елде өмір сүргендеріне шүкіршілік айтып, Тәуелсіздік тұғырлы болуына тілектестіктерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары