$ 444.32  473.33  4.76

Дәрігерлік міндетті мінсіз атқару – бәрінен асқақ парыз

Мемлекет тарапынан жасалынатын қаржылай қамқорлықтан ОҚО Төлеби ауданының медицинасы да тыс қалған жоқ. Бұл жетістікті ақ халаттылар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы айтулы шараларымыз деп біледі.

2010-2016 жылдар аралығында ауыл емханаларына ел қазынасынан 216 миллион 620 мың қаржы бөлініп, қажетті құрылығылармен қамтамасыз етілді. Ал, күрделі жөндеу жұмысына 393 миллион теңге қаржы қарастырылған. Төлебилік дәрігерлерді түгелдей дерлік қанағаттандырып отырған жоқ. Бөлінген қаржы ауыл емханаларының жыртығын жамауға жетпейді. Аудан аумағындағы сегіз ғимарат медициналық стандартқа сай емес. Сол себептен де ауыл дәрігерлері қысылып-қымтырылып жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтады. Дәл осындай күрделі жағдай Керегетас, Киелі тас, Қаратөбе елдімекендерінде орын алған. Медицина мекемелерін қайта салу қажет. Таулы аудандағы тағы бір проблема - медицина мамандары тапшы. Мәселен, емханаға қарасты 73 мың халыққа жеті жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуілері керек. Алайда мұнда тек төрт фельдшерлік топ бар. Бір құптарлығы, Төлеби ауданының ақ халатты абзал жандары жағдай осылай деп, қол қусырып қарап, отырған жоқ. Қолдан келер әрекеттерін жасап, дәрігерлерлік міндетін мінсіз атқаруға тырысып бағуда.

Жазира Ташқұлова – 1-мамыр дәрігерлік-емханасының аға дәрігері:

Ескі ғимаратта отырмыз. Бұл 1957 жылы салынған Бұл негізінен емхана емес, аурухана болған. Перзентхана да болған.Қазіргі уақыт талабына сай оның бәрі жабылып, қазір емхана жұмыс істеп жатыр. Ескі ғимаратта көп кабинеттер жетіспейді. Бір кабинеттің ішінде 2-3 маман отырып, ауыр науқастарды қабылдап, жұмыс істейді. Дәліздің бәрі тар. Жүріп-тұру қиын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары